Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылғы 13-17 қараша аралығында Астана қаласында "Астана –Мерей" республикалық байқауы өтті.

Байқауға мамандандырылған музыка мектептерінің, өнер Университеті жанындағы елордалық мектептің, музыка колледждерінің оқушылары қатысты. 871 қатысушы түрлі музыкалық аспаптарда ойнады. Балалар музыка мектебінің оқушылары-Канапин Дархан және Мырзагельдыкызы Асем (оқытушы - Токмагамбетова А.М.), Кобжалел Жанали және Мухамбет Марьям(оқытушы - Уразалина Ж. К.) конкурстық бағдарламаларды лайықты түрде ұсынды. 267 домбырашының ішінде біздің балалар үшінші екі орынды иеленді (Канапин Д.және Кабжалел Ж.), ал Мырзагельдыкызы А. дипломмен марапатталды. Жас музыканттарды өз аспабымен тәжірибелі концертмейстер С. И. Рачинская сүймелдеді.

Балалар мен педагогтарды құттықтаймыз ! Алдағы уақытта да конкурстарда жеңістер тілейміз !