2023 жылғы 20 қаңтарда №10 жалпы білім беретін мектепте ұлдар арасында асық атудан және қыздар арасында бес асықтан қалалық мектеп лигасы өтті. Жарысқа Қостанай қаласының 20 мектебінен 100-ден астам оқушы қатысты.
Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық қазақ ұлттық ойынын насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Бес асықтан қалалық жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды жас тобындағы 5-6 сыныптар арасында келесі командалар иеленді:
I орын –№5 ЖББМ
II орын - №21 ЖББМ
III орын - ЧНОМ.
Жас тобындағы 7-8 сыныптар арасында жеңіске жетті:
I орын – Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ
II орын - №10 ЖББМ
III орын - №23 ЖББМ.
Асық атудан қалалық жарыс қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары жеңіске жетті:
I орын –№20 ЖББМ
II орын - №4 ЖББМ
III орын - №16 ЖББМ.
Жас тобындағы 7-8 сыныптар арасында жеңіске жетті:
I орын –№10 ЖББМ
II орын - №22 ЖББМ
III орын - №3 МГ.
Жас тобындағы 9-11 сыныптар арасында жеңіске жетті:
I орын –№20 ЖББМ
II орын - №30 ЖББМ
III орын - №23 ЖББМ.
Жеңімпаз командалар асық ату мен бес асық бойынша облыстық мектеп лигасында Қостанай қаласының намысын қорғайды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!