Бала қатысу табелі – бұл балабақшада баланың әр күнгі қатысуы, келмеген күндері және келмеу себептері тіркелетін электронды құжат. Бұл мәліметтер тамақтануды ұйымдастыру және әр балаға бөлінетін мемлекеттік қаржыландыруды есептеу үшін қажет.
Табель мектепке дейінгі ұйыммен күн сайын толтырылады. Ата-аналар (заңды өкілдер) INDIGO электронды жүйесіндегі жеке кабинет арқылы табельмен танысуға және оның шынайылығын растауға міндетті.
Растау тәртібі:
- Ай сайын, 1-ші күні, алдыңғы айдың табелі «Растау қажет» мәртебесіне ауысады.
- Ата-ана ағымдағы айдың 1-інен 15-іне дейін:
- табель деректерін тексеруі,
- дұрыс болса – растап,
- қателіктер болса – кері қайтаруы қажет.
Сіздер үшін қатысу табелін қалай дұрыс тексеріп, растау керектігі туралы кезең-кезеңімен түсіндірілген бейненұсқаулық дайындалды.
Бейненұсқаулық сілтеме бойынша: https://www.instagram.com/reel/DI0jNUGguFF/?igsh=dWttYmkxMXI4ZjYw
Маңызды:
- Егер ата-ана табельді екі ай қатарынан растамаса, ваучер күшін жояды, ал бала балабақшадан шығарылады.
- Расталған табель – бұл қаржылық құжат, сондықтан шындыққа сәйкес келмейтін деректерді растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Табельді уақтылы тексеру және растау – бұл жай ғана формалдылық емес, ата-аналардың мектепке дейінгі білім беру жүйесімен және мемлекетпен байланысының маңызды бөлігі.