Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Облыстық «АТАЖҰРТ – БІЛІМДІЛЕР МЕКЕНІ» этногеографиялық интеллектуалды конкурсының қорытындысы туралы

Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына арналған іс-шаралар облыстық «АТАЖҰРТ – БІЛІМДІЛЕР МЕКЕНІ» » этногеографиялық интеллектуалды конкурсынан бастау алды.
Конкурстың мақсаты - Ғ.Қайырбековтың шығармашылығын насихаттау, білім алушыларды ұлттық құндылықтар, туған жер табиғатын, тарихын, байлығын оқып-білуге тәрбиелеу, зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту. Облыстық байқауға қаладағы қазақ мектептерінен 7, облыстан 19 мектеп командасы қатысты. Қала мектептері: №9 жббм, №10 жббм, №115 жббм, №17 жббм, №24 мг, Ә.Бөкейхан атындағы жббм, Абай атындағы жббм, облыс мектептерінен «Арқалық ҚББ А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы», «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жббм», Лисаков ҚББ «Абай атындағы жббм» ММ, ҚОӘББ «Меңдіқара АББ О.Қозыбаев атындағы Қаратал жббм» ММ, Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, ҚОӘББ «Алтынсарин АББ Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жббм», «Садчиков жббм», Алтынсарин жббм, Б.Майлин ауданы, «№2 Тобыл жббм», ҚОӘББ «Денисов АББ №3 Денисов жббм», Жангелдин АББ С. Мауленов атындағы жббм», «Қарабалық АББ М.Сералин атындағы жббм, «Сарыкөл АББ Ө.Сұлтанғазин атындағы жббм», «Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жббм», «Рудный ҚББ М.Дулатұлы атындағы жббм», «Әулиекөл АББ Үшқарасу ном», «Ұзынкөл АББ Обаған жббм», «Федоров АББ Ы.Алтынсарин атындағы жббм», «Амангелді АББ Құмкешу жалпы жббм» ММ-і қатысты. Осы жобаның авторы Ергалиева Ментай Амановна жүргізді.Байқауда бастауыш сынып оқушыларының 4-сыныбына арналған 4 кезеңді қамтыды.І кезең «Ғафу шығармашылығы» деп аталып, Ғафудың өлеңдері мәнерлеп оқылды. Келесі кезеңдер «Өткел», «Жерұйық», «Белес» деп аталып, оқушылар ұлттық-салт дәстүр, ұлттық ойындар, мемлекеттік рәміздер, Қазақстанда өндірілетін пайдалы-қазбалар, Қазақстанда болып жатқан тарихи оқиғалар, жергілікті ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Әрине конкурс болғандықтан оған қазылық жасайтын әділ-қазылар бекітілді. Д.К.Габдуалиева, Б.С.Муканова, Ж.Д.Жумагулова-ҚББ әдіскерлері, т.б. тәжірибелі ұстаздар болды. Әділ-қазылар шешімінің нәтижесінде Бас жүлде-25 ұпаймен Арқалық қаласы, 1-орын 24 ұпаймен Н.Наушабаев атындағы мг, 2-орын 24-ұпаймен Б.Майлин ауданы, «№2 Тобыл жббм, Милісай ауылына, 3-орын 23 ұпаймен Қарабалық ауданына және №24 мг иеленді. Үш команда (24 ұпай) бірдей ұпай алғандықтан командаларға қосымша сұрақтар қойылды, соның нәтижесінде 2 орын иелері анықталды. Байқауда еңбегі нәтижелі болған жеңімпаз командаларды атап өтсек:
Бас жүлде: Ғапарғали Нұрмұхаммед, Шәкіржан Айару Ришатқызы. 
                     Жетекшісі Султанова Асылай Галымовна.
1-орын: Ғалымжан Айсұлтан, Талғат Нұрай. 
               Жетекшісі Ибраева Жадыра Болатбековна, Рахметова Кульпара Мырзабаевна.
2-орын: Хозедияс Зере, Әнкей Әділ 
               Жетекшісі:Калькеева Алтынай Ташбаевна
2-орын: Теңіз Санжар, Сәндібек Ұлжан. Жетекшісі: Калиева Сәрсенкүл
3-орын: Ертанова Даяна, Сапабек Дильназ.
               Жетекшісі: Сактабергенова Айнур Серикболатовна 
3-орын: Төретай Дария, Тулебаева Аина 
               Жетекшісі: Дуненбаева Ботагоз Каратаевна
Барлық жеңімпаз болған командаларды құттықтаймыз!!!