Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

 Сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату айы. Мақсаты-аутизм мәселесіне қоғам назарын аудару. Елімізде аутизмі бар балалардың саны күрт өсуде. 2003 жылы 77 бала тіркелген болса, 3 жылдан кейін бала саны 255-ке жеткен, 2010 жылға қарай 326 бала тіркелген. Ал қазіргі таңда Қазақстанда ерте жастағы аутизммен - 1052, мектеп жасына дейінгі (3 жастан 5 жасқа дейін)-4331 бала, 6 жастан 18 жасқа дейінгі 6704 бала ауырады. 
  19 сәуір күні «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ-сінің ұйымдастыруымен аутизм мәселелері жөнінде бүкіл әлемдік ақпарат тарату күніне орай «Біз бірдейміз!» халықаралық семинар өтті. Аталған іс-шара халықаралық тәжірибе алмасу аясында өткізілген. Мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру, яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру.
 Халықаралық тәжірибе алмасу алаңында Республикамыздың Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Астана т.б , Ресей Федерациясының  арнайы мамандары-психолог, логопедтер, дефектологтер, аутизмі бар балаларды оқу процесінде сүйемелдейтін педагог-ассистенттер, тәрбиешілер, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.  
 Семинарда алғы сөз алғандар: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің басшысы А.Б.Нугертаева, іс-шараның арнайы қонағы–білім магистрі М.М.Қасымова.
 Жұмыс барысында Аутистік спектрі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жолдары, ҚР білім беру жүйесінде аутист балаларға көмек көрсету, «Аутистік спектры бұзылған балаларға қолдау көрсету жүйесін құру» жобасы бойынша жұмыстар, 6-8 жастағы аутистік спектры бұзылған балалардың тұрмыстық лексикасын дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстары сияқты өзекті мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Қостанай облысынан «Аутизмі бар балаларды оқытуда кешенді əдістерді қолдану» тақырыбындағы баяндамасымен  «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жббм» ММ-нің педагог-зерттеуші,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Данкенова Айгуль Хамзатқызы қатысты.Әріптесіміз баяндамасында аутизм диагнозы бар балаларды оқытуда кешенді түзете-оқытудың, заманауи əдістерді пайдаланудың тиімділігі туралы сөз қозғады.