ҚР Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» ҚБ-мен бірлесіп мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Ваla Qorgau» жобасын іске қосады.
«Bala Qorgau» жобасы зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жақын адамынан айырылған, күйзеліске ұшыраған және қолдауды қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, проблемалық жағдайларды шешу жөніндегі маманмен жеке кеңес алуға өтінім беруге болады
Толық ақпаратты https://bala.gov.kz. веб-сайтында көруге болады.
Басшы Г.А.Уразбаева