Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

15 тамызда әдістемелік секциялардың жұмысы аясында білім бөлімі әлеуметтік педагогтарға "Балаларға қолайлы жағдай жасау бойынша отбасын әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу" тақырыбында семинар өткізді.

Балалық шақ құқықтарын қорғау бөлімінің меңгерушісі А. Н. Мұқанова семинарға қатысушыларға сектор қызметін талдауды ұсынды. Талдау қорытындысы бойынша әлеуметтік педагогтардың алдына міндеттер қойылды:
- көмекке мұқтаж отбасыларды әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз ету;
- ата-ана міндеттерін тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмысты күшейту;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір бала үшін қолайлы жағдай жасау.

Семинардың теориялық бөлімінде № 8 ЖББМ әлеуметтік педагогы З. Е. Уразбаева отбасындағы қолайсыздықты анықтау және оны жою бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Ал практикалық жағынан № 10 ЖББМ (Исмаилова Г. С.),№ 22 ЖББМ (Молдағалиева А. К.) әлеуметтік педагогтары № 10 ЖББМ психологымен бірлесіп (Қайырғалиқызы Н.) қатысушыларымен отбасылардағы проблемалық жағдайлар бойынша екі тілде тренинг және коучинг өткізді.

Семинар қорытындысы бойынша аталған проблемаларды шешу жолдары және мектеп әкімшілігінің мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-қимыл алгоритмі анықталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты барлық бағыттар бойынша ұсынымдар әзірленді.