Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 қарашасында №1 МЛ базасында бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының «Бастауыш мектепте оқытудың белсенді әдістері» тақырыбы бойынша ашық отырысы диалог алаңы түрінде өтті.
Іс-шараның мақсаты: Бастауыш мектепте сабақтың әртүрлі кезеңдерінде белсенді әдістерді қолдану.
Диалог барысында № 1 МЛ ӘБ басшысы Солодкая И.И. және мектептің педагогтары ЮрТ. А., Гарник Т. П., Петренко А. А. "Бастауыш мектепте оқытудың белсенді әдістері"тақырыбында презентация ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізді.
Практикалық бөлігі алаңында жас педагогтар: Кадырбаева Ж. М. (№18 МГ), Жапбасбаева Г. А. және Красан Е.В. (№23 ЖББМ), Турганова Л. А., Шапошникова Е. А., Лопатина А. В. және Ермагамбетова А. М. (№17 ЖББМ), Клещенкова А. А. ( № 21 ЖББМ) да шеберлік сыныптарын өткізді.
Жұмыс динамикалық және креативті атмосферада өтті және бастауыш сыныптарда сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалану үшін әртүрлі БОӘ қолданылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар үшін рефлексия жүргізіліп, мақсаттар айқындалды және 2024 жылға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.