Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында № 4 ЖББМ базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің «Балаларға арналған қимыл-қозғалыс ойындар» тақырыбында әдістемелік диалогы өтті.
Бұл диалогтың мақсаты жаңа материалды түсіндіруде ойын нейропсихологиялық әдістерін қолдануды талқылау және оқу процессінің құрамдас бөлігі ретінде қозғалыс жасау.
Диалог барысында А.К.Ещанова, Г.Х.Тукенова, В.В. Корнева, Л.В.Соколова, Д.Т.Жарасбекова, М.А.Шарапова өз тәжірибелерінен әдістер, тәсілдер және жұмыс түрлерімен бөлісті, оларды практикалық сабақтар арқылы қолданудың тиімділігін көрсетті. № 4 ЖББМ логопеді О.В. Зарецкая мектеп жасындағы балалардың жұмысын жанама ынталандыру үшін нейропсихологиялық тәсілдің өзектілігі мен практикалық бағытын атап өтті. Әдістемелік диалог соңында тарих пәнінің мұғалімі С. Г. Карпенко мектептің жауынгерлік даңқ мұражайына экскурсия өткізді.