Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 2 мектеп-лицей базасында «Химия және биология сабақтарында оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудағы педагогикалық тәсілдер» тақырыбында биология және химия мұғалімдерге арналған қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс барысында теориялық бөлімде биология және химия сабақтарында оқушылардың зияткерлік дарындылығын  қалыптастыру тәсілдері қарастырылды. Биология пәнінің мұғалімі С. В. Безносованың баяндамасы тыңдалды. Тәжірибелік бөлімде химия және биология сабақтары «Реакцияны басқару бойынша есептерді шешу», «Нейрокомпьютерлік интерфейс» тақырыптары бойынша мұғалімдер Н.В. Беспальчук және Г. С. Алпысбаева өткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша оқушылардың шығармашылық тұлғаларын дамытудың түрлі тәсілдерін қолдану бойынша ұсыныстар берілді.