Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 12.10.2018 жылғы №564 бұйрығы) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызға дейін барлық білім беру ұйымдарында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету басталады.
Бұл ретте, білім беру ұйымдарына бірінші сыныпқа қабылдау алты жастағы барлық балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды жүзеге асырады.
Осыған байланысты, ата-аналар 01 қыркүйекке дейін мектепті анықтап, барлық қажетті құжаттарды дайындап, оқу құралдарын жинай алады.
Портал арқылы өтінім беру үшін:
Ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші,
Денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысанындағы медициналық анықтама,
№ 026/у-3 нысанындағы (баланың денсаулық паспорты),
Баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті қажет.
Құжаттарды қабылдау egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады сондай-ақ «SAKURA: электрондық мектеп» school.kst-goo.kz электрондық порталы арқылы).
Білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша тікелей білім беру ұйымдарына немесе Қостанай қаласының білім бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: т. 54-71-30 – жалпы орта білім беруді дамыту және білім беру қызметтерінің сапасын ішкі бақылау секторы.