Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Құрметті ата-аналар!

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 12.10.2018 жылғы №564 бұйрығы) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызға дейін барлық білім беру ұйымдарында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету басталады.

Бұл ретте, білім беру ұйымдарына бірінші сыныпқа қабылдау алты жастағы барлық балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды жүзеге асырады.

Осыған байланысты, ата-аналар 01 қыркүйекке дейін мектепті анықтап, барлық қажетті құжаттарды дайындап, оқу құралдарын жинай алады.

Құжаттарды қабылдау egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады сондай-ақ «SAKURA: электрондық мектеп» school.kst-goo.kz электрондық порталы арқылы).

Портал арқылы өтінім беру үшін: ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысанындағы медициналық анықтама, № 026/у-3 нысанындағы (баланың денсаулық паспорты), баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті қажет.

Сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта (egov.kz) немесе «SAKURA: электрондық мектеп» (school.kst-goo.kz), білім алушыны білім беру ұйымдары арасында ауыстыруға болады.

 Бұл ретте, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады (сот шешімінің болуын, басқа елді мекенге көшуін, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қоспағанда).

Бір ұйымнан екіншісіне ауысу үшін ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, құжаттарды қабылдау туралы есептен шығару талоны қажет.

Ауыстыру кезінде бас тарту үшін: сынып-жиынтықтардың толып кетуі, өтініш беру мерзімдерінің белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеуі негіз болуы мүмкін.

Білім беру ұйымдарына қабылдау және білім беру ұйымдары арасында ауысу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша тікелей білім беру ұйымдарына немесе Қостанай қаласының білім бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: т. 54-71-30 – жалпы орта білім беруді дамыту және білім беру қызметтерінің сапасын ішкі бақылау секторы.

 

Басшы                                                                                                                                                                                                                                    Г.Уразбаева

Орын. Елешова Г.Ж.,Т. 54-71-30