Білім көрмесі ұйымдастырылды
Көрнекті ақын Ғафу Қайырбековтың мерейтойы қарсаңында қаламыздағы мектептер назардан тыс қалмады.Ақынның мерейтойына тарту ретінде қаламыздағы №17 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы білім көрмесін ұйымдастырды.Көрмеге ақынның мұралары,шығармаларының мазмұны бойынша мектеп оқушыларының дайындаған макеттері,жобалары қойылды.Ақын мұрасын келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында qr - кодтар енгізілген смарт кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар,ақынның шығармаларын оқыту мәселелері бойынша ақын шығармаларын оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері ұсынылды.Геймификацияға негізделген білім беру жүйесіндегі тиімді әдістер, білімдерін сынау мақсатында интерактивті quiz-ойындар ұсынылды.Көрмені ұйымдастырушы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі,гуманитарлық ғ.м, педагог-зерттеуші Ақбота Жаңалыққызы қонақтарға көрмені жасанды интеллект арқылы таныстырды.Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ақын мерейтойының арнайы қонақтары,ҚМУ-нің профессоры,белгілі ғалым,философия ғ.к. Жақып Қалқаман Хасенұлы, ҚР білім беру үздігі Кабира Кәкімжанқызы, Ғафу ақын атамыздың ұрпақтары атынан Мұрат Биғалиұлы көрмені тамашалап,оң бағаларын берді.Білім көрмесінің келешек ұрпаққа Ғафу Қайырбеков шығармаларын насихаттаудағы маңызын ерекше атап, №17 мектептің ұжымына алғысын білдірді. Ақын мұрасын жалғап, өнеге алар ұрпақтар қатары көбейе берсін!