Қазіргі оқушылар үшін ағылшын тілін білу, оны әр түрлі ақпарат көздерінен, соның ішінде биологиядан, ғылыми әдебиеттерден және интернет ресурстарынан алу мүмкіндігі өте маңызды. Биология сабақтарында көптілді оқыту білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысы аясында 2022 жылдың 06 мамырында Б.Момышұлы атындағы №5 ЖББМ базасында биология пәні мұғалімдерінің: А. Б. Бекмухамбетова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және көптілділікті дамыту үшін биология сабағының әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді тәсілдер мен әдістер»; Мақатова Б. А. «Пәнді оқуға деген ынтаны арттыру тәсілі ретінде биология сабағында көптілділікті енгізу элементтерімен АКТ пайдалану» атты тақырыбындағы жұмысының тұсаукесерін өткізді.
Сабақтарда көптілділікті енгізудің негізгі мақсаты soft CLILL әдістері мен түрлі белсенді әдістерді қолдана отырып, оқушыларды ағылшын тілінде биологияны үйренуге біртіндеп батыру болып табылады.