Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Отырыс 17 тамызда №20 ЖББМ базасында "Биология және химия педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру білім берудің жоғары сапасын қалыптастыру шарты ретінде" тақырыбы бойынша өтті.

Отырыс барысында қалалық білім бөлімінің әдіскері А. Ж. Досанова 2022-2023 оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына арналған пәндер саласындағы міндеттерді анықтады.

Биология пәнінің мұғалімдері Г.М. Мұқанова, (№9 ЖББМ), М.М. Нұрсейітова, (№28 ЖББМ), Н. Ф. Нұрғалиева (№10 ЖББМ), химия пәнінің мұғалімі Н. В. Беспальчук (№2 ЛМ) функционалдық сауаттылықты дамыту, олимпиадалық есептерді шешу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, балалардың дарындылығын анықтау саласындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

 Практикалық бөлімде биология пәні мұғалімдерінің "Биология бойынша инклюзивті білім беру жағдайындағы ЕЖ бар балаларға арналған жеке тапсырмалар" шығармашылық тобының жинағы ұсынылды. (А.У. Қосанова (№20 ЖББМ), Н. Ф. Нұрғалиева (№10 ЖББМ), Э. Е. Есенова (№28 ЖББМ), Б. К. Сейдахметова (ЧНОМ), М.Д.Диконтий (№17 ЖББМ).

Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдерге жаңа шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілеймін.