2023 жылы 5 сәуірде С.Мәуленов атындағы гимназия базасында биология және химия пәні мұғалімдерінің «Биология және химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар барысында биология және химия пәні мұғалімдері Абильдинова М.Ж мен Алматова А.Т. (оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда тиімді екенін атап өтті. Оқушы құзырлылығының даму деңгейін анықтау үшін құрған тапсырмаларын талдап, өз сабақтарында қолдану әдістерін көрсетті.
Педагогтер семинар қатысушыларымен бірге функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындады, тапсырма түрлері мен оны орындауда оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қалалық семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және болашақта өз тәжірибелерінде қолдануға әдістемелік ұсыным алды.