Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Құрметті әріптестер!

2022 жылдың 11 сәуірінен бастап педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуі басталғанын хабарлаймыз.
Тестілеуден өту ережесін бұзған жағдайда педагогке 5 жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге дейін аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейтінін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар, педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі(ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы, өзгерістер мен толықтыруларымен 12.11.2021 ж. № 561бұйрығы).

 

Тыйым салынады:
    аудиторияны кезекшінің рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз қалдыруға;
    бір-бірімен сөйлесуге;
    бір жерден екінші жерге көшуге;
    материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға;
    аудиторияға (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, цифрлық смарт- жабдықтар (ұялы телефон) әкелуге және пайдалануға.