Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Қазақ тілінің атасы-Ахмет" апталығының мәдени іс шаралар бағдарламасына сәйкес "Қостанай қаласы білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі" ММ-нің ұйымдастыруымен озат оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Дәуірде із қалдырған ұлы тұлға" атты Қалалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізілді.
Олимпиадаға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш олимпиада тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әзірледі. Оқушыларды білімдерін шыңдап, пайдалы білім алғандығына сеніміміз мол.
Олимпиада мақсаты мен міндеттерін іске асыру аясында оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау;
Олимпиадаға 32 қалалық білім беру ұйымдарынан қатысқан оқушылар саны:76.
Соның ішінде орын алғандары:
Қазақ мектебі бойынша:
1 орын-7 оқушы; 2 орын-4 оқушы;3 орын-3 оқушы.
Орыс мектебі бойынша:
1 орын-11 оқушы; 2 орын- 10 оқушы; 3 орын-13 оқушы.
Бүгін ZOOM платформасы арқылы ҚББ әдіскері Ж.Д. Жұмағұлова сөз алып, осы олимпиаданың маңыздылығы туралы айтып,олимпиаданың нәтижесімен таныстырды. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)