Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жббм-нің базасында  «Дарынды  балаларды қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиетінің рөлі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.Қазақстанның  2050 жылға дейінгі стратегиялық  даму бағдарламасы  талаптарына  сай  білім беруде жеке тұлғаны дамыту,  дарынды балаларды  оқыту мен  тәрбиелеу жолдарын  айқындау  қажет. Осы орайда  Қазақстан Республикасының  жаңа «Білім туралы  Заңына» мемлекеттік   саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне  қарай  интеллектуалдық дамуы мен  дарындылығын  дамыту сияқты  өзекті мәселелер енгізілген. «Дарындылық» пен «қабілеттілік»  бір - біріне жақын түсінік. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады» деп, дарындылықтың еңбек, іс –әрекет арқылы дамитынына меңзейді №115 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік  бірлестігінің жетекшісі А.Ж.Хамзина мектептегі дарынды балалармен жұмыс жүйесімен таныстырды.Балалардың  бойындағы танымдық, артистік,көшбасшылық, шығармашылық,әдеби   қабілеттерін одан әрі шыңдау бағытында жүргізілген жұмыстар және  проблемалардың шешу жолдары талданды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Қ. Әлиасқарова Мейрамгүл дарынды балаларды ғылыми жұмысқа бағыттау мақсатында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының әлем тілдеріне аударылуы» тақырыбында ауызша журнал өткізсе,А.К.Усманова  6  сынып оқушыларымен  «Қызықты қазақ тілі әлемінде» тақырыбында интеллектуалды сыныптан тыс сабақ өткізді.  Семинардың қорытынды бөлімінде «Дарынды балаға дархан жол» тақырыбында дарындылар шеруімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дарынды балалармен жұмыс нәтижесі қорытындыланды.«Таланттылар–раушан гүлі сияқты жан–жағына жұпар шашып,көңіл ашады» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, дарындылардың сахна төріндегі өнерлері  көңіл сарайымыз ашып жібергендей.Әсіресе «Жас актер» театр үйірмесінің бастауыш сынып мұғалімі М.М.Байменованың жетекшілігімен қойылған  жазушы,драматург Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» сахналық қойылымында Ләйла образын сомдаған А.Назымованың өнеріне көзіне жас алмаған көрермен болмады.А.Абилгазина Аружан мен Ә.Қайратқызы Шәкәрім мен Абай әндерін құйқылжата орындағанда көңіл сарайымыз одан бетер ашыла түсті. Мектепте дарынды балалармен жұмыс орнына қойылған деген түйінге келіп, бесінші сынып оқушысы облыстық балалар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған  Бақытбек Дінасылдың өнеріне тәнті болдық. Жалпы мектепте өнерлі ұстаздар молшылық екеніне көзіміз жетті. Музыка пәнінің мұғалімі Е.Сейіт, Қ.Ражанов сынды ұстаздар семинардың жақсы өтуіне ат салысып жүргенінен, мектеп ұжымының ынтымақтастықта жұмыс жасайтыны көрініп тұр.«Дарындыны дарын таниды» деген осы –ау. Осындай ұстаздар мен дарынды балаларға жағдай жасап отырған мектеп директоры К.П.Шайхыбеков пен оқу ісінің орынбасары Р.М.Искалиеваға алғысымызды білдірдік.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)