2023 жылдың 24 қаңтарында №3 мектеп-гимназиясының базасында сағат 10.00-де «Дарындылық болашағы» атты таланттар аукционы өтті. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері С. А. Климченко мен И. М. Шакина олимпиадаға және ғылыми жобаларға дайындық бойынша нәтижелі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл кездесу теориялық және практикалық бағытты қамтыды.
Мектеп мұғалімдері оқушылар ретінде өнер көрсетіп, ғылыми жоба құру және қалалық, облыстық, республикалық турдың тапсырмаларын орындауда өз білімдерін, шеберліктерін көрсетті.
Дарынды ұстаздармен мұндай кездесулер кәсіби шеберлікті толықтыру үшін қажет.