Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылғы 24 ақпанда № 28 мектеп-гимназиясында «Ұлттық мәдениеттегі заманауи жаңашылдық үдерістер»  тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдерінің қалалық семинары өтті.

       Аталған іс-шараға қала мектептерінен мемлекеттік тілде оқытатын дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

    Семинар қатысушыларына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Д.Е. Түйтеновтың «Ұлттық мәдениеттегі заманауи жаңашылдық үдерістер» атты баяндамасы ұсынылды. Мектеп педагогы Б.И. Оспанов «Дене тәрбиесі сабағында бастауыш сынып оқушылары мен қазақтың ұлттық ойындарын өткізу» атты бастауыш сынып оқушыларымен қызықты ойын-сауық сабағын өткізді. Мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Б.Ш. Тосмагамбетова педагогтармен «ҚМЖ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары»  тақырыбында практикалық коучинг өткізді.

        Іс-шара соңында мектеп психологы Д.Б. Сыздықова тренинг және рефлексия өткізді.

  Дене шынықтыру мұғалімдерінің қалалық семинары жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.