2023 жылғы 25 қаңтарда Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің базасында жас шет тілі мұғалімдеріне арналған «Шет тілін оқытудағы инновациялар және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» әдістемелік дайвинг өтті.
№ 2 мектеп-лицейдің креативті педагогтары И.О.Быстрова, Т.А.Канетцкая, Д.Е.Бурак, Г.Ж.Кантарбаева, Ж.К.Татагулова, И.Г.Генрих, О.А.Ким, И.С.Кривонорсова, И.А.,Калинина дайвингке қатысушыларды «Team teaching, team building, scaffolding, interactive and effective forms of learning, productive students’ cooperation, extracurricular activities» сияқты тілді оқытудың тиімді әдістері және тәсілдерімен таныстырды.
Рефлексия кезеңінде дайвингке қатысушылар оптимистер мен пессимистер рөлін атқарды, іс-шараның жағымды жақтарын айтты, өз ұсыныстарын ұсынды.
Әдістемелік дайвинг педагогтардың әдістемелік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті, жас педагогтардың кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал етті!