Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі «Экспериментатор мектебі» жұмысын ұйымдастырды. Нәтижесінде № 3, 8, 9, 27, 44, 54 б/б базасында инновациялық жобаларды енгізу болды. Мектепке дейінгі ұйымдардың бағыттары әртүрлі: білім беру аумақтары, білім беру процесін игрофикациялау, өлкетану тимбилдингі, коворинг алаңы, Reggio педагогика элементтері, «STORYSACK» технологиясын пайдалану. Ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін мониторингілеу, сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша осы бағыттар таңдалды.

«Эксперименталды алаң білім беру ұйымы жұмысының инновациялық жүйесі: тәжірибе және перспективалар» әдістемелік көрмесінде әрбір мектепке дейінгі ұйым өзінің инновациялық жобаларын таныстырып, әдістемелік материалдарды ұсынды: ойындар мен құралдар, бағдарламалар мен кейстердің авторлық әзірлемелері.

№ 1 б/б  әдіскері А.Б. Жангонова  мектеп жасына дейінгі балаларды кәсіптік бағдарлау бойынша облыстық тәжірибелік учаскенің тәжірибесімен бөлісті . Ал №9 б/б педагогтері ересек топ балаларымен «Өлкетанушы сәлем» атты шеберлік сабағын өткізді.Шара соңында ұсыныстар берілді. Көрмеге қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, эксперименттік режимде жұмыс істейтін әріптестеріне алдағы уақытта табыс тіледі.