Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылғы 12 мамырда №28 мектеп-гимназиясында Қостанай қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында дойбыдан қалалық турнир өтті.

Жарысқа Қостанай қаласының 17 мектебінен 51 оқушы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында дойбыларды насихаттау және дәріптеу, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты командаларды анықтау болып табылады.

Қалалық дойбы жарысының қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

I орын –№1 МЛ

II орын - №28 МГ

III орын - №23 ЖББМ.

Жеңімпаз командалар ағымдағы жылдың 17-19 мамыры аралығында өтетін дойбы бойынша облыстық жазғы Спартакиадада Қостанай қаласының намысын қорғайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!