ED24.kz қосымшасын қосып, баланың цифрлық білім беру қызметтерін пайдалану үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1-қадам: ED24.kz қосымшасын орнатыңыз
- ED24.kz қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеп алыңыз.
- Қосымшаның соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2-қадам: Телефон нөмірін байланыстырыңыз
- Indigo24.kz порталында өтінім беру кезінде телефон нөміріңізді көрсеткен соң, жүйе бір реттік құпиясөз немесе QR-код жасайды.
- ED24.kz қосымшасында өз нөміріңізді енгізіп, Indigo24.kz порталынан алынған бір реттік құпиясөзді пайдаланыңыз немесе QR-кодты сканерлеңіз.
- Назар аударыңыз: құрылғы осы нөмірге байланыстырылып, басқа нөмірмен кіруге мүмкіндік берілмейді.
3-қадам: Тіркеуді растаңыз
- Нөмір байланыстырылғаннан кейін, сайт қосымшаға растау кодымен хабарлама жібереді.
- Қосымшада кодты енгізіп, тіркеуді аяқтаңыз.
- Егер хабарлама келмесе, интернет қосылымын тексеріп, қайталап көріңіз.
___________
Қосымша ақпарат:
- Егер сіз бұрын ED24.kz қосымшасын орнатпаған болсаңыз, өтінім беру барысында жүйе бұл туралы анықтап, қосымшаны орнатуды ұсынып, бір реттік құпиясөз немесе QR-код береді.
- Құрылғыны ауыстырған немесе қосымшаны қайта орнатқан жағдайда, нөмірді байланыстыру процесі бастапқы тіркеумен бірдей жүргізіледі.
- Егер сіз Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелмеген болсаңыз, eGov.kz порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы тіркеуден өтуіңіз қажет.
___________
Қосымша сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса,
ED24.kz техникалық қолдау қызметіне Астана уақытымен 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері хабарласуыңызға болады.
Немесе Қостанай қаласы Білім бөліміне телефон арқылы: 54-36-14 немесе мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Байтұрсынов көшесі, 67.