Қостанай қаласының білім бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 23 мамырда Қостанай қаласының № 1,2 бөлімінің мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері үшін Қостанай қаласының білім бөлімі «Электрондық үкімет» порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша кезекті оқыту семинарын өткізді.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы білім бөлімінің Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.
Сондай-ақ, келіп түскен өтінімдер туралы мәліметтерді алу үшін білім бөлімінің ХҚКО-мен өзара іс-қимылы туралы талқыланды, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың жауапты тұлғаларының байланыс телефондарымен алмасты.
Оқыту семинарының нәтижесінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын сапалы қабылдау үшін білім бөлімімен және білім беру ұйымдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау ұсынылды.