Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Елімізде "Үздік педагог" республикалық байқауы аяқталды, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 100-ден астам педагог қатысты. Қостанай облысының намысын соңғы кезеңде 5 педагог қорғады, оның ішінде 3 педагог Қостанай қаласының білім беру ұйымдарынан.

"Үздік педагог" республикалық байқауының қорытынды кезеңінің жеңімпаздары №23 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі - Есенғұлов Қанат Маратұлы және №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі - Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы.

Марапаттау рәсімі 6 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаздар «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!