2023 жылдың 1 ақпанында №14 бөбекжай базасында мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары үшін «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізілді.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Т.Б. Жихарева № 338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалатын логопед-педагогтың, дефектологтың, психологтың, тифлопедагогтың лауазымдық міндеттері, біліктілік талаптары туралы еске салды. Одан әрі ол, балабақша маманы мониторинг нәтижелері бойынша бала дамуының жеке картасына және циклограммасына, ұзақ мерзімді жоспарлау міндеттеріне сәйкес арнайы түзету жұмыстарын жүргізетінін түсіндірді.
Б/ж педагог-психологы В.И. Постригань құжаттаманы жүргізу тәжірибесімен бөлісті, мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психолог жұмысының мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын белгіледі.
14 б/ж логопед Ж.Ю. Коржень логопедтік орталық аясындағы маманның қызметіне жан-жақты тоқталып, түзету-педагогикалық процестің тиімділігі көбінесе логопедтің кәсіби деңгейіне, жұмысты ұтымды ұйымдастыруға, құжаттаманы сауатты рәсімдеу мен жүргізуге байланысты екендігіне тоқталды.
Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің логопед-мұғалімі О.В. Акушевич балабақша деңгейіндегі ПМПК жұмысы бойынша түсініктемелер берді, диалог алаңында мамандардың сұрақтарына жауап берді.
Коучинг соңында білім бөлімінің әдіскері мамандарға нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құжаттаманы дайындау бойынша жалпы ұсыныстар берді.
Одан әрі Т.Б. Жихарева 14 б/ж тәрбиешілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұзақ мерзімді жоспарлау, оқу-тәрбие процесінің циклограммасын құру және бала дамуының жеке картасын жасау бойынша кеңес өткізді.