Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Бала жылына арналған іс - шаралар бағдарламасы аясында «№ 27 бөбекжайы» КМҚК-да  ересек топтарының балаларына арналған «Қазақ ұлттық ойындары» ойын-сауығы өтті. 
Қазақ ұлттық ойындарының ерекшелігі - балалардың ақылдылығын, ойлау жылдамдығын дамыту үшін мүмкіндіктердің болуы. Халық қозғалмалы ойындары ерік-жігерді, адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуге әсер етеді, баланы физикалық тұрғыдан нығайтады. Ойын арқылы адамгершілік-патриоттық сезімдер, достық, бірлік, өз халқына деген жанашырлық, командада әрекет ету қабілеті тәрбиеленеді. Бағдарламаның жүргізушісі Алдар-көсе балалармен «Теңге алу», «Оқтау тартыс», «Тақия тастамақ», «Алшы хан» ойындарын ойнап шықты.
 Мектеп жасына дейінгі балалар біртұтастық, ептілік, жылдамдық, күш, кеңістіктегі бағдар мен тапқырлықты көрсетті. Барлығының жақсы, мерекелік көңіл-күйі болды. Бұл мереке балалардың есінде қалады деп үміттенеміз.