Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

30 наурызда №8 бөбекжйында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған «Ерте жастағы топтарда тәрбие мен оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» атты семинар өтті. Іс-шараның мақсаты: МЖМБС іске асыру жағдайында ерте жатағыс балаларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша педагогикалық құзыреттілік деңгейін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының міндеттерін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін арттыру.

Кіші топ тәрбиешілері Г.Б. Умирбаева, Е.А. Норкина ойын, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, біріктірілген ұйымдастырылған қызметтің мастер-классын көрсетті.

№11 бөбекжай әдіскері Меден Т. педагог пен балалардың  күні бойы бірлескен қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. №6 бөбекжай әдіскері И.А Мармыш сенсорлық, коммуникативтік даму бойынша ерте жастағы балаларға арналған ойындар мен ойын құралдарын таныстырды. №8 бөбекжайдың педагогикалық ұжымы «Дамытушы дидактикалық ойындар балаларды жан-жақты дамыту құралы» көрмесін ұйымдастырды. Педагогтар дидактикалық ойындарды құру оңай жұмыс емес екенін, бірақ балабақша тәрбиеленушілерінің ата - аналары осындай қызықты жұмысқа көмектескенін атап өтті.

Семинар соңында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Т.Б. Жихарева ұсынымдар берді, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының құжаттамасын рәсімдеу бойынша кеңес өткізді. Психолог Е.И. Мычко рефлексия ретінде «Бәрі сенің қолыңда» деген аффирмацияны ұсынды.