2022 жылдың 28 сәуірінде № 18 мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Л.И. Моргачеваның «География сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы өзекті педагогикалық тәжірибесінің офлайн презентациясы өтті.
Л.И. Моргачева 9 б сыныпта "ҚР шаруашылық салалары"тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың барлық тапсырмалары оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақтың мақсаттарына сәйкес балалар экономика салаларына сипаттама берді, сонымен қатар олардың болашағын бағалады.
Сабақта «Біз бірегейміз» психологиялық көзқарасы, топтық жұмыс түрі, белсенді және интерактивті оқыту әдістері, атлас картамен және контурлық картамен жұмыс қолданылды.
Сабақты қорытындылау онлайн-тестілеу арқылы өткізілді.