Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Балабақшаға электрондық жолдама алу үшін Сізге:

 

  1. Indigo.kst-goo.e-orda.kz веб-сайтына өтіңіз.
  2. «Жеке кабинетке» кіру қажет;
  3. содан кейін өтініш берушінің ЖСН енгізіңіз және жеке кабинеттен құпия сөзді теру қажет;
  4. әрі қарай, «жолдама алу» парағын басыңыз:
  5. Баланың ЖСН енгізіп, «бос орындарды іздеу» танбашасын басыңыз.
  6. Жүйе сіздің балаңызға жасына сәйкес келетін топтары бар барлық балабақшаларды көрсетеді, балабақшаны, топты таңдаңыз, «жолдама алу» танбашасын басыңыз.
  7. Жолдаманы алғаннан кейін INDIGOда жеке кабинетте "менің жолдамам" қойындысында «Шарт жасасу» таңбашаға басыңыз. Электрондық келісімшарт жасау үшін ата-аналарға қажет:

- ЭСҚ;

- банктік шот деректемелері;

- баланың сандық фотосуреті;

- денсаулық паспортының сканерленген көшірмесі;

- медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі;

- ПМПК қорытындысының сканерленген көшірмесі (қажет болған жағдайда).

Ата-аналарға баланың денсаулық паспортын алдын-ала дайындауға кеңес беріледі, өйткені, баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған жолдаманың қолданылу мерзімі – indigo.kst-goo.e-orda.kz.портал арқылы электрондық нысанда оны алған сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды (демалыс және мереке күндерін қоспағанда). Егер жолдама кешіктірілген жағдайда Сіздің өтінішіңіз 10 күнге тоқтату парағына жіберіледі.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіз "онлайн" порталында техникалық қолдау маманына немесе білім бөліміне 54-36-14 телефоны бойынша хабарласа аласыз.