Қостанай қаласы білім бөлімінің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2022 жылғы 25 ақпанда Білім беру бөлімінің акт залында әлеуметтік педагогтарға арналған "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" және "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде "Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету" тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
Іс-шараға санитарлық шаралар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, топта 12 адамнан 36 әлеуметтік педагог қатысты.
Қостанай қаласының әлеуметтік педагогтары З.Е. Уразбаева (№8 ЖББМ), М. А. Иргалиева (№3 МГ) әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларды тегін тамақтандыру және сауықтыру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында "Сакура: электрондық мектеп" ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу дағдыларымен алмасты.
Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, заңнаманың сақталуы және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу түсіндірілді.
Оқыту семинарының қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы ата-аналармен түсіндіру іс-шараларын өткізу ұсынылды.