Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылғы 24 ақпанда Қостанай қаласы мектептерінің түлектері үшін №1 мектеп –лицейі, №2 мектеп –лицейі, №3 мектеп - гимназиясы, М. Горький атындағы гимназиясы базасында Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу спикерлері: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының педагогика ғылымдарының магистрі – Р.А.Сатыбалдина, жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының химия ғылымдарының магистрлері – Э. Б.Ахметова, М. А.Губенко, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы – А. Ж. Маканова, физика, математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.У.Қалжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі – Р. Ж.Байдалы, аға оқытушы С. Б.Ерманова, тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ю. Д. Аубакирова  сөз сөйледі

          Спикерлер өз сөздерінде түлектердің оқуға түсуінің негізгі критерийлеріне тоқталып, жоғары оқу орнында оқудың қалай өтетіні, институтты бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, болашақта олардың алдында ашылатын перспективалар жайлы, сондай-ақ оқу кезінде студенттік жатақханада тұру шарттары туралы айтты. 

Кездесу барысында түлектер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.