Қалалық, Республикалық ынтымақтастық жұмыс түрі негізінде «Инклюзивті білім берудегі мұғалімнің ролі»(жас мамандарға арналған) тақырыбындағы семинар Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм-нің ғимаратында өткізілді.
Жас мамандарға ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс
түрін ұйымдастыруда әдістемелік көмек беру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарда келесі тақырыптар қаралды: «Звездочки на небе» фильмінен үзінді көрсетіліп, «Мендегі ерекшелік» тақырыбында психологиялық ахуал, тренингті және ерекше білімді қажет ететін балаларды бағалау және бағалау тәртібі жөнінде тіл маманы А.Ж.Хамзина, «Инклюзивті білім беру қажеттілігі» тақырыбында филология ғылымының магистрі Ж.А.Арықбаева, ерекше білімді қажет ететін балалар тобымен жұмыс жүргізуді Ұ.Қ.Маткеева, ерекше білімді қажет ететін балаға тапсырма дайындау, беру жолдарына Л.Т.Маженовалар теориялық,практикалық жүзінде өткізді.
Мектептегі «Қазақ тілі сабақтары: Басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» және «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» педагогтердің біліктілігін арттыру курсынан алған білімді жас мамандарға үйрету мақсатында арнай КМЖ-ны жасалуының жолдарына тоқталды.Шебер сынып бөлімінде жас мамандар өздері жасай алатын икемділіктерін көрсетіп,топ алдында қорғады.
Қарағанды, Павлодар, Көкшетау қалаларының білім беру ұйымдарынан елуге жуық тіл мамандары онлайн форматта қатысып, бүгінгі таңда өзекті болып саналатын инклюзив тақырыбында өткізілген семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына,әріптестеріне жылы лебіздерін жазып қалдырды.Сәуір айында Көкшетау қаласында болатын семинарға онлайн қатысуға Қостанай қаласының тіл мамандарына ұсыныстарын жеткізді.Қаламыздың отызға жуық мектептерінен қатысқан жас тіл мамандарына сертификат беріліп, алғаш рет ынтымақтаса жұмыс жасап, семинарды ұйымдастырған №115 жббм, С.Мәуленов атындағы гимназия, Ғ.Қайырбеков №9 жббм-нің тіл мамандары А.Ж.Хамзина, Ж.А.Арықбаева, Л.Т.Маженова мен Ұ.Қ.Маткееваларға Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Г.Әділханқызының атынан Алғыс хатпен марапатталды.