Елеусизова М.Н.
Өтініш берушілердің қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жүгіну түрлерінің бірі кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру болып табылады.
Өтініш берушінің ТТЖ тексерудің мақсаты кәмелетке толмаған балалар тұратын тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға ТТЖ сәйкестігі болып табылады.
Өтініш берушілердің тұру жағдайларын тексеру үшін жүгінуінің негізгі себептері:
- баланың тұрғылықты жерін, ата-анасының баламен қарым-қатынас тәртібін айқындау;
- бала ата-анасының бірімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау;
- ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру;
- бала асырап алу және бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану;
- кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;
- кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықты (патронатты) айқындау;
- кәмелетке толмағанның әкелігін анықтау және одан алимент өндіріп алу;
- алимент мөлшерін азайту;
- «Дельфин» балалар үйіне күндізгі топқа орналастыру
- кәмелетке толмаған балалардың отбасыларда тұру жағдайларының сәйкестігін тексеру;
- сотқа жүгіну үшін түрлі даулы мәселелер бойынша;
- және басқа да отбасылық даулар.