2022 жылдың 14-22 ақпаны аралығында жаратылыстану-математикалық (ЖМБ) және қоғамдық-гуманитарлық (ҚГБ) бағытындағы
16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 2021-2022 оқу жылының республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Пандемия жағдайын ескере отырып, Республикалық олимпиада барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті жерлерде облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда өткізілді. М.Горький,атындағы мектеп-гимназиясының базасында қала мектептерінің оқушылары үшін олимпиада өткізілді.
Биылдан бастап олимпиада Ogylyg.kz платформасында 1 турда «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша прокекторлық жүйені қолдану арқылы жаңа форматта болды.
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне Қостанай қаласының барлық мектептерінен 527 оқушы қатысты.
Олимпиаданың тапсырмалары әр турдың басында, емтихан басталар алдында бір уақытта ұсынылды және әрбір қатысушы алдын ала берілген жеке логин мен парольмен жұмыс жасады.
Кезең соңында қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, құрамында жоғары оқу орындарының оқытушылары бар қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге ұсынылды.
Әр тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстарының сканерленген көшірмелері жеке деректерін көрсетпей, Қостанай қаласының білім бөлімінің сайтында орналастырылды. Тапсырмалардың дұрыс жауаптары мен турлардың қорытындысы жазылған хаттамалар Қостанай қаласы білім бөлімінің сайтында да жарияланды.
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 217 оқушы жеңімпаз атанды (1,2,3 орын): 1 орын – 63 оқушы (19 ЖМБ , 44 ҚГБ), 2 орын – 72 оқушы (21 ЖМБ, 51 ҚГБ), 3 орын – 82 (30 ЖМБ, 52 ҚГБ).
Қалалық кезеңнің 150 жеңімпазы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.