Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің  жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 21 желтоқсанында Дружба жалпы білім беретін  мектебінің ғимаратында педагогикалық  іс-тәжірибе алмасу мақсатында, жас мамандарға арналған «Ізденімпаз ұстаз-жаңалықтың жаршысы» Қазақ тілі сабағында   геймификация  арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру атты Коучинг өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Әдістемелік бірлестік жұмысы жөнінде ӘБ жетекшісі Д.Т.Агитаева мәлімдеме жасаса, «Қазақ тілі сабағында   геймификация  арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында  коучингтың  теориялық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.С.Сулейменова баяндама жасады. 
Жас мамандарға сабақ барысында геймификация қолдану арқылы, түрлі  қосымшалардың көмегімен («Tarsia maker» , « ru.piliapp.com», «Wordwall», «Kahoot») сабақты тартымды, қызықты өткізудің әдістерін ұсынды.
     Сәл өткен жылдарға шегініс жасар болсақ, 2020 жылы  ашылған мемлекеттік тілде оқылатын сыныптарының оқушылары мен  мұғалімдерінің үлесі зор болып, биылдың өзіңде мектебімізге алпыс оқушы қабылданып, төрт жүзге жуықтап қалды,- дейді мектеп басшысы Мадина Назарқызы.
 Өнерлі оқушыларымыз ана тілімізде Е.Омирханов пен Ж.Батыржанның орындауындағы  мәнерлеп  оқу мен Е.Контрабаев пен Б.Нурмагамбетовтар тамаша күйді тарту етті. Сонымен қатар «Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі З.К.Сапанованың жетекшілігімен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық үзіндісін келген жас тіл мамандары тамашалады. Жас мамандар үшін ұйымдастырылған коучинг барысында тіл мамандары ойлы пікірлерін ортаға салып алдағы жылдың жоспарымен бөлісіп, тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылса деген пікірлерін жеткізді. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)