Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес №18 мектеп-гимназиясы ғимаратында «Функционалды сауаттылық біздің күнделікті сабақта» мектеп менеджменті» тақырыбында қазақ тілі мұғалімдерінің Ынтымақтастық жұмыс түрі негізінде практикалық семинар өтті.

Қала мектептерінен жас мамандармен қатар, білікті, тәжірибелері мол ұлағатты ұстаздар да қатысты. Білім орданың басшысы Светлана Виталийқызы сөз алып, алғаш рет мектепте қала мектептері арасында ынтымақтаса отырып жүргіліп жатқан іс-шараға шынайы тілегін жеткізді.

Семинардың негізгі мақсаты: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері оқушыларды функционалды сауаттылыққа (оқу сауаттылығына) бағытталған тапсырмалар мен әдіс-тәсілдермен іс-тәжірибе алмаса отырып, педагогтардың құзіреттілігін дамыту. Күтілетін нәтижесі: оқу мақсаттарының деңгейлерін біледі; оқу мақсатына сай оқу сауаттылығын бағалайтын тапсырмаларды ұйымдастырады.

Әр мектептен қырыққа жуық жиналған білікті ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзара ой алмасты. Педагог-шебер ұстаз З.Д.Сергазина сабақ үдерісінде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылықты дамыту үшін қолайлы тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Сонымен қатар, (№18 мг) Ә.С.Сейтхан «Оқу мақсаттары мен оқу сауаттылығына бағытталған тапсырмалар»-біздің сабақта» тақырыбында өз баяндамасын оқыса, жас маман (№1 мл) Б.М.Бигалиева «Оқу мақсаттарына бағытталған мәтін және әдісі» атты өзінің іс-тәжірибедегі әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Әрине, оқушылар бойындағы оқу сауаттылығын дамытудағы жағдаяттардың рөлі, олардан шығу жолын іздеу арқылы мәтінмен жұмыс жасау да назардан тыс қалмады. Бұл жөнінде (№22 жббм) Ж.Ш.Сагидоллина тыңдаушылар назарына бірнеше жағдаяттардан шығуды ұсынды. (№30 жббм) М.Б.Сапарбекова, (№115 жббм) М.Қ.Әлиасқарова «Тұтас емес мәтіндермен жұмыс жасау жолдары», «Оқу сауаттылығына дайындау үшін лайфхак» тақырыбындағы жұмыстарын оқушылардың бойындағы фунционалдық сауаттылықты қалай дамытуға болатынын, ол үшін мәтінмен қандай жұмыстар жасалып, қандай жетекші сұрақтар қоя білу керектігімен бөлісті.

Жас маман (№18 мг) К.Б.Мұхамеджанова сыни рефлексия жасап, әр қатысушы семинарға деген көзқарасын білдіріп, ойларымен бөлісті. Қатысушылар мен спикерлердің арасында кері байланыс орнап, талдау жұмыстары жүргізілді.