Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ –нің базасында қалалық жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында офлайн режимінде қалалық Абай оқулары байқауы өткізілді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Абай оқуларының негізгі міндеттері: Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқау келесі номинациялардан өткізілді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі».Байқауға әр мектептен 6 номинация бойынша 1 қатысушыдан өнер көрсетті.Қала мектептерінен 64 оқушы бақ сынасты.

«Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:

І орын-№ 29 жббм-нің оқушысы Д.Ерлібекқызы;

ІІ орын -№ 27 жббм-нің оқушысы Т.Тасболатова;

ІІІ орын- Физика-математикалық лицейінің оқушысы А.Акуленко, № 21 жббм-нің оқушысы Я.Щеглова.

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:

І орын-№20 жббм-нің оқушысы А.Төлеу;

ІІ орын- №27 жббм-нің оқушысы А.Сейлбекова;

ІІІ орын-№9 жббм-нің оқушысы Н.Әбдіхалық.

«Жүйріктен жүйрік озар жарасқанда» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:

І орын-№20 жббм-нің оқушысы Ж.Бейсен;

ІІ орын-№27 жббм-нің оқушысы Ж.Әлимауладин, С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы Д.Ғазиз;

ІІІ орын-№10 жббм-нің оқушысы С.Мағау, №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Ж.Нұралыұлы.

«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:

11 сыныптар арасында

І орын-М.Горький атындағы гимназиясының оқушысы Ш.Оразалина;

ІІ орын-Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 жббм-нің оқушысы Ы.Сабыржан;

ІІІ орын- №3мектеп-гимназиясының оқушысы А.Каджая.

10 сынып арасында

І орын-С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы А.Батыр;

9 сынып арасында

ІІ орын – №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Қ.Олжабай;

ІІІ орын – Физика-математикалық лицейінің оқушысы К.Ермагамбетова;

8 сынып арасында

ІІ орын – №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Д.Баяхметов;

ІІІ орын – №2 мектеп-лицейінің оқушысы Т.Сүгірова.

«Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:

І орын-№17 жббм-нің оқушысы Н.Кусаинова;

ІІ орын-№20 жббм-нің оқушысы А.Сатымбаева.

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:

І орын- Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм-нің оқушысы К.Сапарбекова, М.Қозыбаев атындағы №23 жббм-нің оқушысы С.Жолбарисов;

ІІ орын-М.Горький атындағы гимназиясының оқушысы С.Ибраева;

ІІІ орын- №29 жббм-нің оқушысы Н.Есингиреева,№7 жббм-нің оқушысы А.Досова

Жүзден жүйрік шыққан оқушыларымызды құттықтаймыз.Толағай шығармашылық табыс тілейміз! Дарынды жүлдегер оқушыларымыз «Абай оқулары» байқауының республикалық ІІ кезеңі облыста болатын байқауға жолдама алды.