28 тамыз күні қалалық балалар шығамашылық мектебінің базасында Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаевтың қатысуымен қаламыздағы білім беру қызметкерлерінің кеңесі өтті.
Жиынға білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Сюндикова, Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім мекемелері, орта және жоғарғы білім басшылары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қала ұстаздары мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.
Кеңес аясында 2022-2023 оқу жылының жұмысы қорытындыланып, қаланың білім беру жүйесінің жетістіктері мен ұстаздар қауымын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды және жаңа оқу жылының даму векторлары атап өтілді.
Дәстүр бойынша шараның екінші бөлімі қаланың үздік ұстаздарын марапаттау рәсіміне арналды.
Қостанай қаласы әкімінің және Қостанай облысы білім басқармасының Грамоталары, Алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен 22 ұстаз марапатталды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметін рейтенгтік бағалаудың қорытындысы шығарылды. Рейтенгтік бағалау қорытындысының жеңімпазы атанған білім мекемесіне сыйлыққа 1 миллион теңге көлеміндегі сертификат табыс етілді.
Марапатталған педагогтар мен мектеп ұжымдарының тізімі Қостанай қаласының білім бөлімінің сайтында жарияланған.