Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қалалық «Махамбет оқулары» байқауы
№28 мектеп-гимназиясы базасында  8-11 сынып оқушылары арасында Қостанай қалалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – Махамбет шығармашылығын және оның туындыларын зерделеуді насихаттау, оқушыларды Қазақстан ұлы ақын және ойшылдарының шығармашылығына тарту. Байқауға қатысу үшін негізгі 3 номинация бойынша шарттар қойылды.12 мектептен 19 қатысушы байқауда бақ сынауға бел буды. Оның ішінде Махамбет, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқып, «Ел құтқарар ер едім..» мәнерлеп оқу номинациясында жүлделі бірінші орынды  №115 жббм-нің 9 сынып оқушысы Н.Талғатбек, екінші орынды №28 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Н.Карасартова, үшінші орынды №15 жббм-нің 10 сынып оқушысы М.Елжан,№30 жббм-нің 11 сынып оқушысы М.Соколовская иеленді. Махамбет күйлерін,Төлеген Айбергенов,Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерін орындап, «Ұлы Арман...» ән байқауы номинациясында Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жббм-нің  9 сынып оқушысы М.Алибаева жүлделі бірінші орын иегері атанды. Екінші орын - №115 жббм-нің 11 сынып оқушысы А.Абильгазина, үшінші орын - №29 жббм-нің 7 сынып оқушысы А.Садвакасова иеленді.«Тартынбай сөйлер асылмын..» атты дарындылар  бөлімінде №28 мектеп-гимназиясының  9  сынып оқушысы Ж.Нұралыұлы бірінші орын иеленсе,С.Мәуленов атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Г.Борамбаева екінші орынды иеленсе,үшінші орын – №29 жббм-нің  5 сынып оқушысы Н.Абусахитқа берілді.Жүлделі І орынға ие болған жеңімпаз оқушылар облыстық деңгейде болатын байқауға қатысады.Жеңістеріңіз құтты болсын! (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)