Қалалық тіл мамандарының семинары
2022 жылдың 09 желтоқсанында «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің жоспарына сай қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»
тақырыбында семинар №15 жалпы білім беретін мектебінің базасында болып өтті.
Семинардың мақсаты: Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі-оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеуде әріптестердің тәжірибелерімен бөлісу.
Отырыс барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында ӘБ жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.К.Абдрашева баяндама оқыды. Тіл маманы Н.Н.Арыстан 7 сынып оқушыларымен «Қазақ музыкасы» тақырыбында понарамалық сабақ көрсетті.
«Оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың командалық формалары» атты консалтингте Г.И.Халикулова «Plickers әдісінің кері байланыс жасаудағы тиімділігі»,А.Х.Молдахметова «Бұлтты сөздер-оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың бірден бір жолы», С.А.Алшимбаева «Tarsia әдісі арқылыоқушылардың қызығушылығын арттырамыз» тақырыптарында шебер-сынып көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында мұғалімдер арасында А.Б.Бекбулатова «Рефлексия-жетістікке апаратын жол» тақырыбында мұғалімдермен дәстүрлі емес формада рефлексия жүргізіп, семинардың тиімді әрі нәтижелі өткені аталып өтті. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)