2022 жылғы 31 мамырда қалалық балалар шығармашылығы мектебінің базасында қала әкімнің орынбасары С.Ж. Шаймұрұновтың қатысуымен балалар жылы аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен олимпиаданың қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қала әкімнің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде Қостанай қаласының оқушыларын жоғары марапаттарымен құттықтап, дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың таланттарын дамытып, табысқа сенетін ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп басшыларына алғысын білдірді! «Осы жылы Қостанай қаласы олимпиадалық командасының жүлде қорында он сегіз медаль, университетте оқуға екі грант және ерекше жетістіктері үшін екі грамота болды» - деп атап өтті Саят Жұмашұлы.
Рәсім қорытындысы бойынша 19 оқушыға (бір бірлескен жоба), 14 педагогке және 8 мектеп басшыларына қала әкімінің атынан алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді. Сонымен қатар, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтар ақшалай сыйлық алды.
Құттықтаймыз! Баршаңызға жаңа шығармашылық ізденістер мен жеңістер тілейміз!
Марапатталғандардың тізімімен білім бөлімінің сайтында сілтеме бойынша танысуға болады kst-goo.edu.kz