«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 28 сәуірде «Қостанай қаласының білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Қамқор» көшпелі қоғамдық қабылдауының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа әлеуметтік педагогтар, қала мектептерінің психологтары, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және асырап алушы ата-аналар шақырылды. Барлығы 95 адам қатысты.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің тыңдаушылары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін кезекке қою бойынша kezekte.kz порталының жұмыс жүйесімен таныстырылды.
Барлық қатысушылар қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қойылған сұрақтарға толық және мазмұнды жауап алды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында кәмелетке толмағандардың тұрғын үйін сақтау және мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін уақтылы кезекке қою жөнінде ұсынымдар берілді.