Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімі" ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес №27 жалпы білім беретін мектеп базасында қазақтың көрнекті заңғар жазушылары Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған  мұғалімдер арасында «Қара сөздің қас шебері» байқауы өтті. Екі номинациядан тұрған байқау кіл жүйріктің шабысын байқап, шабытын аңғаруға жеткілікті болды. Қаламыздың мектептерінен келген 43 қатысушы сахнада әсем сөзден сарай тұрғызып, бақтары мен баптарын сынады. 
Байқау шарттары бойынша І номинацияда қатысушылар қазақтың көркем әдебиеті қаймақтарының, яғни белгілі жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, ІІ номинацияда қос тарланбозға арнау өлеңдерін оқыды. 
Бәсекелі бәйгеге  Қостанай қаласының  білім бөлімінің басшысының орынбасары Б.С.Қарыбаева, ҚББ-нің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.С.Бектурганова,ҚББ-нің әдіскерлері Ж.Д.Жумагулова,Д.Қ.Ғабдуалиева,Е.А.Иманкулов,А.М.Абаева;Облыстық "Қостанай таңы" газетінің тілшісі А.Ж.Қанғожин; №28 мектеп-гимназиясының,М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм және №27 жббм-нің Г.Б.Шамшина,А.Б.Бегалина,М.М.Шипин есімді тіл мамандары төрелік етті.  Көркем сөздің көсегесін көгертер шеберлер сахнаның шырайын келтіріп, қос жазушының шығармаларын оқыды. 
Қазақ әдебиетінің қаймақтарынан үзінділер оқып, бірауық әдебиет әлеміне саяхат жасадық. «Жастар кітап әлемінен қол үзіп бара жатқан шақта әдеби әлеммен қауыштыратын мұндай байқаулар қажет»,- дейді ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
 «Прозалық шығармадан үзінді оқу» номинация бойынша: 1-орын:Г.К.Боранбаева (№10 жббм); 2-орын:А.Е.Исмагулова (№4жббм),А.Ж.Ахметбекова (Б.Момышұлы атындағы №5жббм); 3-орын: А.М.Нурғазина (№7жббм),А.Б.Әнуханова (№8 жббм),А.К.Усманова (№115жббм),А.Д.Салыкова (М.Горький атындағы гимназия) орындарды иеленді.
     «Қос бәйтерекке арнау» номинация бойынша: 1-орын: Н.Қ.Қасым (№27жббм); 2-орын: А.М.Міркемел (С.Мәуленов атындағы гимназия),Д.М.Ихсан (№1мл); 3-орын: Ж.М.Қабден (Ғ.Қайырбеков атындағы №9жббм),М.Д.Ибраева (№16жббм),А.Ж.Ермағанбетова (№17жббм),А.К.Фазылова (№30жббм) қанжығасына байлады.
    2022 жылдың 18 сәуірінде М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-де өтетін «Ұлтына   ұлағат  қалдырған  тұлғалар» тақырыбында қос заңғар жазушыларымыздың құрметіне арналған тағылымды кездесу кешінде үздік атанған көркемсөз шеберлері шақырылады.
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларды насихаттау шаралары өз жалғасын таба  берері сөзсіз. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова).