Қарағанды облысында ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдық мерекесін тойлау қарсаңында "Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы" тақырыбында республикалық форум өткізілді. Сонымен қатар форумда Қарағанды өңіріндегі мектептердің педагогтері әзірлеген білім көрмесі ұйымдастырылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы мен бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнының сабақтастығын LED экрандардан өз тәжірибелері негізінде көрсетті,ұлт көсеміне арналған арнайы кабинет ашып ұлы тұлғаны ұлықтады.Ақмола облысы,Қарағанды облысы,Қостанай облысы,Жезқазған,Көкшетау,Алматы қалаларының белді әдебиеттанушы-ғалымдары, білім бөлімінің басшылары,әдіскерлері мен педагогтері бас қосқан алқалы жиында "Алаштың Ахметі" атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Секциялық отырыстарда ғылыми мақала қорғалды.
2-бағыт "Алаш зиялылары және ұлттық тіл мәселесі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті секторының меңгерушісі Жумагулова Жанар Дүйсенбаевна жүлделі ІІ орынды иеленсе,
3-бағыт "Ұлт болашағы-ұлттық жаңғыру және туған жер тұтастығы" тақырыбында жүлделі І орынды қаламыздағы №17
жалпы білім беретін мектептің мұғалімі,педагог-зерттеуші,гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермағанбетова Ақбота Жаналыковна иеленді.Әріптестерімізге алдағы уақытта ғылым жолдарына сәтті қадам мен толағай табыстар тілейміз! Алаштың Ахметін ардақтайтын,ұлы шығармаларынан нәр алар парасатты ұрпақтар қатары толығып,жұртым дейтін балалар қатары көбейе берсін! (ҚББ әдіскері Ж. Жумагулова)