Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

23-24 қарашада Алматы қаласында Алматы қаласының әкімі Е.Досаев, ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің қатысуымен Edcrunch Reload 2022 білім берудегі жаңа технологиялар туралы «Ақыл мен технологиялардың бірігуі» атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына 25 елден 350 сарапшы қатысты. Олардың қатарында Израиль, Финляндия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения елдерінің ғылым және білім министрлері, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі жиырмадан астам жетекші университеттердің ректорлары бар.
 «Ерте балалық шақ» секциясы аясында педагогика және нейробиология тарапынан жас балаларды оқыту және дамыту мәселелері талқыланды. Спикерлер баланы әлеуметтік желілер дәуірінде эмоцияларды білдіруге және қарым-қатынас жасауға, цифрлық технологияларды қолға үйретуге және гаджеттерді балалар қабілеттерінің үдеткішіне айналдыруға қалай үйрету керектігін айтты. Ғылым мен педагогикалық тәжірибенің озық жетістіктерімен бөлісті.
Конференция күндері іс-шара қонақтары үшін ЕdСrunch Expo интерактивті көрмесі ұйымдастырылды, оның аясында офлайн және онлайн режимінде жаңа EdTech-өнімдерімен және олардың жасаушыларымен таныстырылды, интерактивті кездесулер өткізілді.
Конференцияға қатысушылардың бірі №54 бөбекжайдың меңгерушісі А.А. Тусова болды.