2023 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиедегі кәмелетке толмаған балалардың 2 жеке ісі зерделенді.
Кездесу барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасында тәрбиелеуді ұйымдастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әрбір балаға қатысты ақпарат тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы 2 оң қорытынды қабылданды.