25 қазан - Қазақстан Республикасының күні. Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында біздің бақшамызда бірқатар іс-шаралар өтуде. Бүгін музыка жетекшілері балабақша мұғалімдері мен қызметкерлеріне арналған "Ұлы дала дыбыстары" музыкалық викторинасын өткізді.
Викторинада қатысушылар патриоттық әндер мен олардың орындаушыларының аттарын тапты, ұлттық музыкалық аспаптар туралы сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ музыкалық аспаптардың атауларын олардың дыбыстарын тыңдау арқылы тапты. Викторина соңында қорытындылар шығарылып, қатысушылар мадақтамамен марапатталды.
Музыка жетекшілері
М. Р. Есенжолова
С. А. Оразалина